Тілшілер қосыны

lat: Tilshiler qosyny

к і т. Аймақтық газет тілшілерінің ұжымы, тобы.

Ақпаратты кеңейтудің ең ұтымды жолы еліміздің аймақтарында тілшілер қосынын ашу екені белгілі («Егемен Қазақстан»).

Қыс маусымына әзірліктің жайы туралы редакциядан тапсырма алғанымызда, осыдан 3-4 күн бұрын газеттің тілшілер қосынына телефон шалып, арнайы хат әкеліп тапсырған Өскемен қаласындағы А.Малғаждарова т.б. бастаған бір топ тұрғынының шағымы ойға оралды («Егемен Қазақстан»).